Оралда Республика күніне орай тұрғындарға жалауша мен отандық шоколадтар сыйға тартылды
Сурет: ашық дерек көздерінен алынды
БҚО-да жастар ерекше акция арқылы жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осы Қазақстан туы бейнеленген шоколадты өзге елдің азаматтарына немесе өзге елде жүрген қазақстандықтарға берсең, қатты қуанады. 25 қазан - бізде Республика күні. Соның қарсаңында біздер өзіміздің елдегі адамдардың реакциясын көргіміз келді", - дейді жайдарманшы Самат Қабдиев.
Еріктілер қала орталығындағы ірі сауда орнында болып, тұтынушылар мен сатушыларға сыйлық таратты. Жайық жұртшылығы жастардың бастамасына риза болып, жылы лебізін білдірді.
- "Рахмет! Жарайсыздар!",
- "Аман болайық, бір болайық бәріміз! Мейрам құтты болсын!",
- "Аспанымыз ашық болсын!",
- "Елде тек бейбітшілік болып, өркендей берейік!", десті тұрғындар.
"Тұрғындардың реакциясын көзбен көрдік. Бәрі жылы қабылдап, елдің амандығын тілесті. Барша жұртшылықты мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз!", - дейді еріктілер.
Мұндай акция облыс орталығында ғана емес, аудандарында да жалғасын тауып жатыр. Әр саладағы жастар мазмұнды шараға үлес қосып, қолдау көрсеткен. Еріктілер мейрам қарсаңында өзге де патриоттық акцияларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript