Атырауда Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 қазан - Республика күніне орай Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салтанатты жиында аймақ басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік Рәміздеріміздің құндылығын атап өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"1990 жылы дәл осы күнде біз алғаш рет өзіміздің егемендегімізді алып, 25 қазанда декларация қабылданды. Сол сәттен бері еліміз қарқынды даму үстінде. Біз бүгінгі ұлттық мерекемізде көк туымызды биікке көтеріп, ашық аспан астында желбіретудеміз. Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін! Әрқашан жұртымыз тыныш, еліміздің мәртебесі биік болсын! Көк туымыздың астында Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!". Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript