Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев, Бейбіт Исабаев, Жетісу облысы, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 21:27 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір әкімі Мемлекет басшысына аймақ экономикасының барлық негізгі саласының дамуында оң үрдіс сақталып отырғанын айтты, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Облыстағы өндіріс көлемі 5,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 1,7 пайызға ұлғайған. Ал сауда мен құрылыс салаларының даму көрсеткіштері 1,6 есе өсті. 198,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2 пайызға көп. Облыс экономикасына 213,9 миллиард теңге инвестиция тартылған, соның ішінде жеке инвестициялар 15,7 пайызға көбейді.

Бейбіт Исабаев облыстың өнеркәсіп өндірісінде 533 кәсіпорын жұмыс істейтінін, онда 26,6 мың адам еңбек етіп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, өндіріс көлемі 230,1 миллиард теңгені құрады. Биыл жалпы құны 46,9 миллиард теңге болатын 14 нысанды іске қосу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,7 пайызға өскен. Оның ішінде егін алқабы 1,9 мың гектарға ұлғайған, ал қант қызылшасын өсіретін жер көлемі 2 есе артып, 8,7 мың гектарға жеткен.

Сонымен қатар облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақсу қант зауытына толық жөндеу жүргізіліп, іске қосылғаны туралы айтты. Көксу қант зауыты 70 мың тонна қант өндірген. Бүгінде екі қант зауыты 280 шаруашылықтан 205 мың тоннадан астам шикізат қабылдаған. Оның 56 мың тоннасы өңделіп, 7 мың тонна қант алынған.

Облыста су жүйесін қайта жаңарту және салу үшін 22 жобаның іске асырылып жатқаны туралы баяндалды. Ал 22 елді мекен, соның ішінде Талдықорған қаласына газ құбыры тартылып, 288 мың адам көгілдір отынмен қамтылған. Биыл 20 елді мекенде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі әлеуметтік нысандар салу мәселесіне арнайы тоқталды. 2023-2025 жылдары 8,8 мың орындық 16 жаңа мектеп салу жоспарланған, соның ішінде 6600 орындық 7 оқу ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынады және 1800 орындық 2 мектептің құрылысы биыл басталған. Денсаулық сақтау саласы бойынша 8 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жергілікті бюджет есебінен 21 блокты-модульді кешен салынған. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін тағы 59 нысан салу жоспарланған. Ал мәдениет саласында 5 нысанның құрылысы жүргізіліп, тағы 8 нысан күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.

Мемлекет басшысына биыл облыста 14 спорт нысаны салынып жатқаны жөнінде айтылды. Сонымен бірге жергілікті бюджет есебінен 3 блокты-модульды кешен салынады. Ал демеушілер есебінен Талдықорған қаласында жыл бойы жұмыс істейтін "Jetysu Аrena" жабық спорт кешені іске қосылған. Бұл кешенге 867 миллион теңге инвестиция салынған.

Жетісу облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3 988 шақырым. Биыл облыстық маңызы бар 221 шақырым жол мен 73 елді мекендегі 249 шақырым ауылішілік жолдарды салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың даму қарқынын оң бағалап, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: