Алтынбек Ахметов Астана қаласы Сәулет басқармасының басшысы болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Алтынбек Ахметов Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұған дейін аталмыш басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған, делінген қала әкімдігінің сайтында.
Алтынбек Жанатұлы - Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін "Қалалық кадастр" мамандығы, Торайғыров университетін "Сәулет" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын "Астанагорархитектура" ЖШС топогеодезия бөлімінің техник-геодезисті қызметінен бастады, Астана қаласы / 2005 ж;
- "АстанагорНПЦзем" ЕМК технигі Астана қаласы / 2006 ж;
- "Астана қаласы жер қатынастары басқармасы" Жер кадастры бөлімінің бас маманы, басшысы, / 2007-2013 жж;
- "Астана қаласы жер қатынастары басқармасы" басшысының орынбасары,/2013-2015 жж;
- "Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының" басшысы, /2016-2019 жж.
2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript