Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында ауылшаруашылығы жануарларын вакциналау жұмыстары аяқталуға жақын

Ауылшаруашылығы жануарларын вакциналау, Абай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 18:22 Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы өңірде эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары аясында ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулерді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде жоспарға сәйкес, вакцинация 85,4 %-ға, диагностикалық іс-шаралар 72,7 %-ға орындалды. Сондай-ақ, 2024 жылға арналған аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинация мен диагностикалық зерттеулердің жоспар жобасы әзірленді.

 Облыс көлемінде барлық ауыл шаруашылығы жануарлары толық бруцеллез ауруына тексерілді. Талдау нәтижесінде ірі қара мал арасында 0,4 %, ұсақ мал арасында 0,06%-ды құрады.

Айта кетсек, қазіргі облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауіпті ауруларға (сібір жарасы, аусыл, нодулярлық дерматит және т. б.) қарсы вакцинациялау толық қамтылған.

Биыл облыста тұрақты эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауданының Мақаншы, Қабанбай, Үржар, Таскескен, Бақты ауылдарында 5 мал қорымын салу жұмыстары аяқталды. Ал, Ақсуат ауданындағы Ақсуат, Екпін, Құмкөл, Қызыл кесік ауылында 4 мал қорымы салынып жатыр.

Сондай-ақ Абай облысында 134 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Елді мекендерде ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін 115 арнайы орын бар, оның ішінде 15 мал бекіткіш (Абай ауданы -1, Бесқарағай ауданы -3, Бородулиха ауданы - 2, Үржар ауданы - 6, Семей -3) осы жылы қолданысқа берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: