Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда 1,5 млн бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы, ветеринария, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 17:45 Сурет: primeminister.kz
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Тараз және аудандардағы бағынысты ветеринария ұйымдары мемлекеттік тапсырыс бойынша жануарлардың аса қауіпті эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық-диагностикалық іс-шараларды жүргізеді.

Биылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасары бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп 1,5 млн бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді. Облыс бойынша 10 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,8 млн бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы, ветеринария, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 17:45

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары 10 айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды.

Облыс аумағында 4 ауру түрінен 20 ошақ анықталып, оларда карантин шаралары қойылып, бүгінгі күнге аурудың көзін жою және сауықтыру жұмыстары толық жүргізілді.

Конго-Қырым Геморрагиялық Қызбасына қарсы 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 37 елді мекенде 2,9 млн. шаршы метр аулалар мен қора жайлар және барлығы 506 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына үш кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары толығымен жүргізілді.

Жыл басынан "Жамбыл" 109 диспетчерлік орталығына иесіз жануарларды аулау бойынша түскен хабарламаларға сәйкес 23 883 қаңғыбас ит және 189 мысық ауланып, оның 192 иті уақытша ұстау орнына орналыстырылды. Ветеринариялық станциялар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар болғандықтан мемлекеттік тапсырыстан тыс ақылы қызмет көрсете алады. Бұл бағытта аудандар және ауылдық округтер аумағында 11 клиникалар мен 145 аптекалар ашылды.

Қала мен аудандардағы ветеринариялық станциялары және құрамындағы ветеринариялық пункттердің материалдық-тахникалық базасын жаңарту бағытында жұмыстар атқарылуда. Ветеринар мамандарының жұмысын оңтайландыру және уақытын үнемдеу үшін "E-ISZH" ақпараттық жүйесі енгізілген 160 дана заманауи планшеттермен қамтамасыз етілмек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: