Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Дамир Тұңғатов, Жамбыл облысы, тұрғын үй құрылысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 19:34 Сурет: Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жамбыл облысы бойынша 4 қалада жалпы 1 774 көпқабатты тұрғын үй бар, оның 527-сі (29,7%) қанағаттанарлық жағдайда , 561 үй (38,6%), жөндеуден өткен болса, 686 үй (38,6%), жөндеуді қажет етеді.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Дамир Тұңғатов журналистермен өткен баспасөз конференциясында айтты.  

2023 жылы қайтарым қаражат есебінен Тараз қаласында 220,3 млн теңгеге 4 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді. 2024 жылы Тараз, Жаңатас, Шу қалалары мен Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы бойынша барлығы 79 тұрғын үйді күрделі жөндеу үшін 5,9 млрд теңгеге республикалық бюджетке өтінім ұсынылды.

Ал, үй алу кезегіне келер болсақ, бүгінгі күні облыста түрлі әлеуметтік топтағы 37 587 адам баспана алу кезегінде тұр. 

"Биыл 10 ай ішінде 139 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде: 55 әлеуметтік осал топтағы азаматтар, 23 жетім балалар, 52 көпбалалы отбасылар, 9 бюджеттік мекеме қызметкерлері. Сондай-ақ, "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 31 отбасы ағымдағы жылы 295 млн теңгеге несие рәсімдеп, баспаналы болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы әлеуметтік аз қамтылған топтардың жалға алған тұрғын үйі үшін төлем тағайындауға республикалық бюджеттен 2,458 млрд теңге және  облыстық бюджеттен 15,0 млн теңге бөлініп, оператор "Отбасы банк" АҚ есепшотына аударылды", - деді сала басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Биылғы жылы баспана алуға 1073 өтініш келіп түскен, оның 282-сі мақұлданып, бүгінге 199 тұлғамен келісім-шарт жасалды. Қалған 38 өтініш білдіруші өз еркімен бас тартқан, 545 өтініш мақұлданбаған, 208 өтініш қарастырылу үстінде.

Тұрғын үй қатынастары саласындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, қазіргі таңда елдімекенге бірыңғай келбет беру үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін жергілікті бюджет есебінен қайтарымсыз қаражат бөлуге мүмкіндік берілді.

Бұл бағытта ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 169,0 млн теңге бөлініп, Шу қаласындағы 9 үйдің шатыры мен қасбеті жөндеуден өтті.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 22,9 млн теңгеге Шу қаласындағы ұзындығы 1,8 шақырым құрайтын 5 көшенің лоток жүйесі ауыстырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: