Жаңалықтар тізбегі
0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті әлемдік рейтингке енді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, рейтингі, UI GREENMETRIC 2023 Сурет: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті әлемнің тұрақты университеттері - UI GreenMetric-2023 рейтингісіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

UI GreenMetric World University Rankings – ЖОО-ның тұрақты дамуының жыл сайынғы әлемдік рейтингісінің нәтижесі жарияланды. Биыл тізімге әртүрлі елдерден 1 183 оқу орны, оның ішінде Қазақстанның 18 жоғары оқу орыны қатысқан болатын. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті алғаш рет UI GreenMetric әлемдік рейтингісіне қатысып, беделді тізімде 1 015 орынға тұрақтады.

Индонезия университеті (UI) 2010 жылы университеттердің дүниежүзілік рейтингісін бастап, ол кейіннен UI GreenMetric (UI GreenMetric World University Rankings) университеттердің дүниежүзілік рейтингі ретінде белгілі болды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, рейтинг

Сурет: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Рейтинг ЖОО-ның тұрақты даму деңгейін, университет кампустарының экологиялық тұрғыда тиімділігін бағалауға арналған. Жыл сайынғы UI GreenMetric World University Rankings-ке тұрақтылық идеяларын ұстанатын әлемдегі барлық университеттер қатыса алады.

Жоғары оқу орындарының қызметі алты санат бойынша бағаланады: қоршаған орта және инфрақұрылым, энергияны тиімді пайдалану және климаттың өзгеруіне әсері, қалдықтарды қайта өңдеу, су ресурстарын ұтымды пайдалану, көлік саясаты, білім беру және зерттеу.

UI GreenMetric-ке қосылу университеттердің тұрақты даму үстінде екенін білдереді. Сондай-ақ, интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастықты жолға қою мүмкіндігін арттырады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мұндай көрсеткішке қол жеткізуі университеттің 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму стратегиясы және бүкіл ұжымның бірлескен мақсатты жұмысының арқасында жүзеге асырылды.

Қоршаған ортаға ұқыпты қарау үлкен қоғамдастықтың, яғни студенттердің, профессор-оқытушылар, қызметкерлердің күнделікті мәдениетінің бір бөлігі. Университет ұжымы ғылыми зерттеулер және студенттік бастамалармен ғана емес, қоршаған орта мәдениетін сақтау жолында үлгі болу арқылы аймақ пен елдің тұрақты дамуын қолдауға дайын.

Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті  QS Word University Rankings – 2024 халықаралық рейтинг агенттігінің талдауы бойынша ТОП-1200-1400 орынды иемденді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: