Заманауи шатыр жабындылары желдің күшіне неге төтеп бере алмайды?
Мемлекеттік сатып алуды талдау соңғы 7-10 жылда қаңылтыр шатыр мен металлжабындылар санының айтарлықтай өскенін көрсетеді. Құрылыс саласының мамандары мұның тұтынушылардың шатыр материалдарын таңдаудағы қалауларының өзгеруіне байланысты екенін айтады.
Тұтынушылар түрлі түстер мен пішіндерді талап етеді. Кеңес дәуіріндегі үй төбесін жабуға арналған сұр шифер басқаларымен салыстырғанда жоғары сапалық сипаттамалары мен арзандығына қарамастан ескірген деп саналады. Дегенмен, ондаған жылдар бойы пайдалану тәжірибесі дәлелдегендей басқа материалдармен салыстырғанда шифер, оңтүстіктегі ыстық пен солтүстіктегі қалың қар сынды біздің климаттық жағдайларымызда өте қолайлы екенін көрсетті.
Сурет: Zakon.kz
Шифер пайдалану саласының маманы Ерлан Бралинов соңғы бірнеше жылда еліміздің шифер зауыттарындағы өндірістік және қаржылық мәселелер шешімін тапқанын айтады. Қазір кәсіпорындар 100 пайыз қазақстандық заманауи өнім шығарады.
Осы жылдар ішінде инженерлер шифердің түсін өзгерту және түрлі пішінмен шығару арқылы тұтынушылардың сұраныстарының басым бөлігіне жауап бере алды. Сонымен қатар, бұл өзгерістер құрылыс нормаларында бекітілді. Егер бұрын біз "беті тегіс емес асбестцемент шифер" туралы айтатын болсақ, бүгінде ел нарығында хризотилцемент шифері сатылады.
Сурет: Zakon.kz
Атап айтсақ, бұл материалдың құрамы кейбір өзгерісті қоспағанда сол қалпында қалды. Тек салмағы 5-6 келіге жеңілдеп, сәл жұқарды, әрі берік бола түсті. Жасыл мен қызыл-қоңыр аралығында өзгеретін түсі мен сәндік қасиеттері 8-12 жылға дейін сақталады. Акрилді су-дисперсиялық бояу жылдар өте жаңартылуы мүмкін, демек сондықтан түсі жылдар бойы көзді қуантып тұра береді. Сонымен қатар, бояу материалды ауа өткізгіштік қасиетінен айырмайды, әрі жұмыс кезінде конденсацияның жиналу мәселесі туындамайды.
Бүгінде зауыттардың командалары сенімді, арзан материалды мемлекеттік құрылыс жобаларына қайтару үшін жұмыс жасауда. Бұл алдымен қауіпсіздік мәселесіне байланысты.
Соңғы қайғылы мысалдарды айтсақ, 2023 жылдың қарашасында Қарағанды облысында 25 м/с күшті желдің салдарынан шатырлар жұлынды. Желтоқсанның 15-і күні Кентауда тағы жиырма шақты шатыр желге ұшты. Қазір қаланың инфрақұрылымы қалпына келтірілуде.
Мемлекеттік мекемелердің, мектептер мен колледждердің ғимараттары зардап шекті. 2022 жылдың шілдесінде Ақтөбе облысында да қатты жел бірнеше ғимараттың қаңылтыр шатырын ұшып кеткен. Төтенше жағдай қызметкерлері бұлардың бәріне құрылыстың сапасыздығы кінәлі екенін атап өтті.
Осы және басқа да оқиға орындарынан алынған фотосуреттер "жыртылған" шатырлардың едәуір бөлігі бірнеше жыл бұрын ғана қаңылтыр шатырлармен жабылғанын көрсетеді. Ал мұндай жағдайлар әр облыста көптеп кездеседі. Бір-екі жыл бұрын жөндеуден өткен шатырлардың қалың қарға төтеп бере алмаған мысалдары да бар.
"Құрылыс компаниялары кеңес алу үшін бізге бірнеше рет жүгінді. Оларға түсетін жобалар басқа материалды ұсынған. Бірақ қар мен жел жүктемесін ескерген мамандар шатырдың құлау қаупі барын айтады. Олар үшін бүлінген құрылыстарды өз қаражаты есебінен қалпына келтіру – қымбатқа түседі. Сондықтан біз жсопарлаудағы кейбір тәсілдерді қайта қарауды ұсынамыз", - дейді Ерлан Бралинов.
Қостанай облысының Жітіқара қаласында осы құрылыс материалымен жұмыс істеудің қызық тәжірибесі бар. Мұнда осыдан үш жылдай бұрын көпқабатты үйлердің тұрғындары шатырды күрделі жөндеудің сметалық құнын есептегенде, мердігерден қаңылтыр жабынды мен шиферден жасалған шатырды салу құнына қатысты цифрларды беруді сұраған.
"ЮниСтрой" ЖШС басшысы Әуезхан Урдабаевтың айтуынша, хризотил цемент шиферін пайдалану арқылы жөндеу шығындарын үнемдеу шамамен 20%-ды құрады.
2022 жылы бұл көрсеткіш әр шаршы метрі үшін 26 мың теңгенің орнына 20 теңге болды. Шифермен жабудың пайдасына тағы бір дәлел – қатты желге шыдамдылығы. Бүгінде шаһардағы отызға жуық тұрғын үйдің шатыры қоңыр түске боялған шифермен жабылған.
"Біз кеңес заманынан бері шифермен жұмыс істеп келеміз. Иә, бұл шеберлікті қажет ететін материал. Бірақ оны қойғаннан кейін ол сол жерде қалады. Тіпті біздің өңірде болатын қатты желдің өзіне шифер төзімді әрі сенімді. Ал біз үшін төзімділігі мен беріктік басты артықшылық", - деді Урдабаев.
Жобалаушылар шиферден жеңіл, қаңылтыр жабындылар қатты желде зақымдануға бейім екенін айтады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай шатыр қаптамасымен бірге жұлынады. Негізгі мәселе - металл шатыр жабындылардың көлемінің үлкен болуы желге шыдамсыз.
Ал, шифер ауырлау, жеке бөліктерінің ауданы шағын, түйіскен жерлері арқылы жел өтеді. Мұның бәрі оны желге төзімді етеді.
Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда биылғы жазда 1937 жылы салынған үйдің тұрғындары шатырын жөндеуге бел буған. Оларға тек жел жағында, яғни желдің қысымы көбірек болған жағындағы шиферді ауыстыру қажет болды. Екінші жағының жағдайы жақсы. Шифер өлшемі мен пішінін таңдау қиын болмаған.
1980 жылдары бекітілген стандарттар бүгінгі күнге дейін қолданылады. Ең кең таралғаны сайының тереңдігіне қарай орта толқын деп аталады. Ол кеңестік кезеңде тұрғын үйлер, мектептердің және кеңсе ғимараттарының шатырларын жабу үшін қолданылған.
Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық шифер шығаратын зауыттар хризотил цемент жабындыларының сыртқы сұлулығы мәселесін де шешті. Заманауи технологиялар тапсырыс берушінің сұранысы бойынша шиферді әртүрлі түстерге бояуға мүмкіндік береді. Бұл енді тұтынушы үйреніп қалған сұр тақта емес.
Зауыттар стандартты толқынды ғана емес, сонымен қатар римдік профильді ұсынатын пішінді сынақтан өткізуде. Бұл боялған шифер қазіргі темір жабындыларына ұқсайды. Ал мұндай өнім, сарапшы Ерлан Бралинов айтқандай, бюджеті әртүрлі тұтынушылар үшін қолжетімді.
Құрылыс саласындағы мамандар шифердің неғұрлым қолжетімді материал екенін, сенімді, жанбайтынын, шуы аз, қызбайтын, саңырауқұлақтар мен көгерулерге бейім емес екенін мойындайды. Оның экологиялық және энергия тиімділігінің артықшылықтары оны құрылыс материалдары нарығында маңызды ойыншыға айналдырады.
Әрі оның 100% қазақстандық өнім екенін ескерген жөн. Шифердің бағасы импорттық шатыр материалдарға қарағанда сыртқы факторларға тәуелді емес. Өйткені, отандық зауыттар жергілікті шикізатты пайдаланады.