Жаңалықтар тізбегі
0

Қорғаныс министрлігі: Мұндай алып-қашпа сөздер ел беделін түсіруге бағытталған

Қорғаныс министрлігі, ресми түсініктеме, Украрнаулыэкспорт, келіссөз, сыбыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 19:15 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі Қазақстанның Украина Қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін Ресейдің әскери өнімдерін сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр деп тараған ақпараттың еш шындыққа жанаспайтынын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 ҚР Қорғаныс министрлігі аталған мәселеге қатысты Telegram-дағы өз арнасында ресми түсініктеме жариялады. 


"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде "Қазақстан Украина Қарулы күштері қажеттілігі үшін "Украрнаулыэкспортпен" ресейлік әскери өнімдерді сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр-мыс" деп тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл ретте Қазақстанда 2022 жылдан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын нақтылаймыз. Мұндай алып-қашпа сөздер Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан таратылған қауесеттерді елемей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: