Қорғаныс министрлігі Татарстанға шабуылдаған құрылғылардың Қазақстаннан ұшырылғанын жоққа шығарды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі кейбір Telegram арналарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство пікірінше, мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған.
"Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, ҚР ТЖМ 2024 жылы 2 сәуірде YouTube-те жарияланған видеоны жоққа шығарып, көптен жалған ақпаратты таратпауды сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript