Үкімет басшысы Астанадағы РФ елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Олжас Бектенов, Астанадағы РФ елшілігі, көңіл білдіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 10:57 Сурет: primeminister.kz
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Астанадағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі "Крокус Сити холл" ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды", делінген 24 наурыздағы Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, 22 наурызда кем дегенде әскери киімдегі үш адам "Крокус Сити Холл" ғимаратының бірінші қабатына баса-көктеп кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертінің басталуына бірнеше минут қалғанда орын алды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, Крокус Сити Холлдағы терактіде қаза тапқандар саны 133-ке жетті. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

24 наурыз Ресейде қаралы күн болып жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: