Бектенов пен вице-премьерлер су тасқыны жағдайы ауыр өңірлерде жүр

Үкімет, Олжас Бектенов, вице-премьерлер, су тасқыны, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 14:27 Сурет: primeminister.kz
Олжас Бектенов пен вице-премьерлер су тасқыны жағдайы ауыр өңірлерде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша су тасқыны жағдайын тұрақтандыру үшін Премьер-министр мен вице-премьерлер су тасқынына байланысты аса күрделі ахуал қалыптасып отырған өңірлерде жұмыс істеп жатыр.

Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов қазір – Қостанай облысында.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.

Премьер-министрдің орынбасарлары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына, Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысына жіберілді.

Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына ұшып барды.

Бұған дейін Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының су тасқынына дайындығын тексерген болатын.

Айта кетсек, 6 сәуірде сағат 13-00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: