Бектенов жаңа министрге ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов, Жаслан Мәдиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2024 18:45 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Жаслан Мәдиевті таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі.


"ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін, 2024 жылғы 6 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа цифрлық даму министрін тағайындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: