Батыс Қазақстан облысында ауылдық елдімекен тұрғындары баспанамен қамтылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үй кезегінде тұрған облыстардағы ауылды елдімекендердің тұрғындарын баспанамен қамту басты міндеттердің бірі екенін атап өткен болатын. Осы ретте, БҚО-да тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда.
БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылы Батыс Қазақстанның ауылды елдімекендерінде 105 пәтер пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Ақжайық ауданында – 48пәтер, Қаратөбе ауданында – 12 пәтер, Шыңғырлау ауданында – 45 пәтер.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, республикалық бюджет қаражаты есебінен ауылды жерлерде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қосымша 202 пәтер сатып алынды.
Биыл 2024 жылы БҚО-да кезекте тұрған ауылды елді мекен тұрғындары үшін 6 жалдамалы тұрғын үйді қолданысқа беру және 758 пәтерді сатып алу жоспарлануда.
Нәтижесінде 900-ге жуық отбасы өз баспанасына қол жеткізеді.
Тұрғындарды баспанамен қамту және құрылыс жұмыстары облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тікелей бақылауында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript