Батыс Қазақстан облысы республикада тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша үшінші орынға шықты

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел экономикасына инвестиция тарту – өңірлердің дамуы мен жаңа өндірістерді іске қосудағы негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Осы бағытта БҚО-да жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 09:36 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел экономикасына инвестиция тарту – өңірлердің дамуы мен жаңа өндірістерді іске қосудағы негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Осы бағытта БҚО-да жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы мен экономикалық қуатын арттырудың басты тетігі ретінде инвестиция тартуға ерекше назар аударған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында да жүйелі әрі нақты жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Облыс аумағында инвестиция салуға ниетті кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасы мен Чехия мемлекетінің ірі компанияларымен өзара ынтымақтастық орнату мақсатында нақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар инвестициялық келісімшарттарға қол қойылуда.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл – өңірдің халықаралық деңгейде сенімді серіктес ретінде танылып келе жатқанын көрсетеді.

Нәтижесінде, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1093 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артты.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін республикада 3-орында тұр.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы алғанда, инвестиция тарту бағытындағы бұл жетістіктер өңір экономикасының өсімін қамтамасыз етіп, жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының көбеюіне және халықтың әл-ауқатының артуына зор серпін беріп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: