Жаңалықтар тізбегі
0

Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында медициналық нысан ашылды

Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында медициналық нысан ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 09:00 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет қаулысымен өткен жылдың соңында "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жоба аясында 2023-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық нысан салу жоспарланған.

Бүгінгі күні биылға жоспарланған 12 нысанның 6-ы халық игілігіне берілді. Қалған 6 нысан жыл соңына дейін берілетін болады.

Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауылында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысуымен 6-шы нысанның ашылу салтанаты өтті.

Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында медициналық нысан ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 09:00

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл нысанды салуға республикалық бюджеттен 374 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Құрылыс мерзімі 4 ай болса да, "Фирма ИСКОМ" ЖШС мердігер компаниясы белгіленген мерзімнен ерте аяқтады.

Аталған дәрігерлік амбулатория күніне 35 адам қабылдай алады, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған, ауыл тұрғындар арасында 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында медициналық нысан ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 09:00

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Дәргерлік амбулатория емдеу-профилактикалық объектісі болып саналады, ішінде жалпы дәрігерлік-профилактилық дәрігер кабинеті, процедуралық, физиотерапевттік, тіс емдейтін кабинеттер, акушер-гинекологкабинеті, зертханалар мен дәріхана, сонымен қатар, дені сау баланың кабинеті және тағы да басқа қарастырылған.

Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында медициналық нысан ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 09:00

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы биыл облысымызда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 92 млрд. теңге қарастырылды. Осы жылы 5,5 млрд. теңгеге медициналық жабдық сатып алу жоспарланған.Қазіргі таңда 204 бірлік медициналық жабдық алынды. Сондай-ақ, облыста медициналық ұйымдарға жергілікті бюджет есебінен 1,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 81 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды.

Жалпы сомасы 1 млрд, 733 млн теңгеге жуық қаржыға 22 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында 6 нысан бар. 18 нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды.

Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында медициналық нысан ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 09:00

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір басшысы ауыл тұрғындарын ел дамуына, өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа нысанның ашылуымен және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: