Жамбыл облысында "Жайлы мектеп" Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында 12 мектептің құрылысы жоспарланған

Осылай Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Сондай-ақ ол, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілді) аясында 2023-2024 жылдары құны 5,2 млрд.теңгені құрайтын 30 денсаулық сақтау нысандарын соғу жоспарланғанын да мәлімдеді.Яғни, 2023 жылы 10 нысан, 2024 жылы 20 нысан соғу жоспарлануда.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 5 айында құрылыс нысандарына 46 (2022ж-26) жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижесінде 27 нұсқама (2022ж-7) беріліп, 77 әкімшілік іс қозғалды (2022ж-36), 21,6 млн. теңгеге айыппұлдар салынды (2022ж-8 879 664). Әкімшілік жауапкершілікке 49 тапсырыс беруші (2022-21), 18 мердігер мекеме (2022-8), 1 жобалаушы мекеме (2022-3), 6 техникалық қадағалаушы (2022-3), 3 авторлық қадағалаушы (2022-0) тартылған. Өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған 1 мердігер мекеме ("Ерк-Астана" ЖШС) құрылыс лицензиясынан айырылды (2022-0), 3 техникалық қадағалаушының (А.Бозжигитов — "DACO Инжиниринг" ЖШС, Н.Кансеитов -"НеоГеоСтройпроект" ЖШС және Б.Исабаев — "ЗКА Проект" ЖШС) атестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды (2022-0). Сонымен қатар, құрылыс саласындағы кемшіліктердің көптеп орын алуын, шетелдегі табиғи апаттардың салдарын ескеріп, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жетілдіру мақсатында мораторийге байланысты Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, тексерулерге қатысты шектеулерді алып тастау бойынша Үкіметке ұсынтар жолданды,"- деп атап өтті Ибрайханов.
Өз сөзінде, облыс әкімінің орынбасары өңірдегі интернет мәселесіне де тоқталып, 2025 жылы облысымыздың елді-мекендері 100% 4G-мен қамтылатынын айтты.