Алматыдағы Түрксіб ауданы прокуратурасының бастамасымен 85 сотталушы жұмысқа орналасты
Сурет: Алматы қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №13 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 85 сотталушы жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес, қоғамдық еңбек ету сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары болып табылады. Осыған орай, Түрксіб ауданы прокуратурасының бастамасымен "Алел Агро" АҚ және "Фирма Жолдостар" ЖШС-ға үш өңір бойынша ҚАЖ департаментінде жазасын өтеп жатқан 85 сотталушы жұмысқа орналастырылды.
Бұған дейін Астанада пробация қызметкерлері 30 жазасын өтеушіні жұмысқа орналастырғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
