Өңірдегі ірі жүйе құраушы кәсіпорын "Қазақстан алюминийі" АҚ 60 жылдық мерейтойын атап өтті

Мерейтой, Павлодар, марапаттау, облыс әкімі, "Қазақстан алюминийі" АҚ, 60 жыл , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2024 14:21 Сурет: Валерий Бугаев
ERG құрамына кіретін Павлодар алюминий зауытының мерейтойы бүгін Естай атындағы мәдениет сарайында кеңінен атап өтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір әкімі Асайын Байханов Павлодар алюминий зауыты мен электр станциясының ұжымын, сондай-ақ, металлургия саласының қызметкерлерін металлургтер күнімен құттықтады.

"Бүгін өңіріміздің металлургтері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында еліміз металлургия бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында, ал, өңір өнеркәсібі флагмандарының тұрақты жұмысы мыңдаған павлодарлықтардың әл-ауқатының және жалпы облысымыздың дамуының кепілі болып табылады. 60 жыл - бұл зауыт жұмысшыларының, ПАЗ ардагерлерінің өмірінде ғана емес, облыстың барлық тұрғындары үшін үлкен оқиға. Осы жылдар ішінде кәсіпорын облыс экономикасына елеулі үлес қосып, даңқты жолдан өтті". Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов

Асайын Байханов, құттықтау, Қазақстан алюминийі АҚ, 60 жылдық мерейтой, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2024 14:21

Сурет: Валерий Бугаев

Сондай-ақ өңір басшысының айтуынша, іске қосылған күннен бастап мұнда 68 млн тоннадан астам алюминий тотығы өндірілді.

"ЖЭО-1 электр станциясы Павлодар тұрғындарының 40% жылумен қамтамасыз етеді. Әрбір өндірістік санның артында біздің металлургтердің орасан зор еңбегі жатыр. Қажырлы еңбектеріңіз бен істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін рақмет", - деді аймақ басшысы.

Марапаттау рәсімі, Павлодар облысы, Асайын Байханов, 60 жылдық мерейтой, Қазақстан алюминийі АҚ , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2024 14:21

Сурет: Валерий Бугаев

Атаулы күнге орай Асайын Байханов мемлекеттік наградаларды және облыс әкімінің Құрмет грамоталарын табыстады. Еліміздің металлургия өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Құрмет" орденімен Ақсу ферроқорытпа зауытының шебері Мақсат Арынғазинов пен АФЗ балқытушысы Павел Сидоров марапатталды. "Еңбек Даңқы" орденімен Электролиз зауытының операторы Нұржан Жақыпов пен ҚЭЗ слесары Берік Тезекбаев марапатталды. "Ерен еңбегі үшін" медалімен АФЗ және ҚЭЗ-ның 6 қызметкері марапатталды. "Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі "Қазақстан алюминийі" АҚ гидрометаллургы Байболат Құсайыновқа және ҚЭЗ зертханашысы Тамара Сталеваға табысталды. Облыс әкімінің Құрмет грамоталары ПАЗ-дың 5 қызметкеріне табысталды.

Сурет: Валерий Бугаев

Сондай-ақ, биыл ERG өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мереке құрметіне орай алюминий дивизионына салалық марапаттар табысталды. Өндірістің үш озық шебері басшылықтан пәтер, тағы 10 қызметкер автокөлік алды.

Сурет: Валерий Бугаев

Мерейтой жарқын концертпен аяқталды. Мерекелік бағдарламаның басты хэдлайнерлері қазақстандық әнші Әміре және "Nе prosto оrchestra" симфониялық оркестрі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: