Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 200 отбасыға пәтер кілті табыс етілді

Қанат Шарлапаев, жұмыс сапары, СҚО, Бескөл, бес қабатты тұрғын үйлердің құрылысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 18:58 Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев СҚО-ға жұмыс сапары барысында жаңа "Бірлік" шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің және Қызылжар ауданы, Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, жаңа "Бірлік" шағын ауданында 200-ге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Министр 1 қазанға дейін 700 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын мәлімдеді.

Бірлік шағын ауданы, СҚО, су тасқынынан зардап шеккендерге салынған тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 18:58

Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

  • 700 үй салу - 200 аяқталды;
  • 1 329 үй сатып алу - 836 сатып алынды;
  • 1 964 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу - 1001 аяқталды.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше, Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Бес қабатты тұрғын үй құрылысы, СҚО, Бескөл, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 18:58

Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Жобаның негізгі дайындығы 60% құрайды.

Пәтер ауданы:

  • бір бөлмелі – 44 ш.м. - 17 пәтер, жалпы ауданы 748 ш.м.
  • екі бөлмелі - 56 ш.м. - 19 пәтер, жалпы ауданы 1064 ш.м.
  • үш бөлмелі – 66,3 ш.м. - 14 пәтер, жалпы ауданы 929 ш.м.
Жұмыс сапары, СҚО, Бескөл, Қанат Шарлапаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 18:58

Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті.

Кезекте тұрғандардың барлығын пәтермен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі екінші кезектегі тұрғын үй сатып алу тәжірибесін қолдануда. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 94 адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде 14 көп балалы отбасы бар.

Облыс орталығында министр "Қопай" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда, 29 көпқабатты үй салынып жатыр. Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен "Кожевенный" шағын ауданындағы механикаландырылған жасақтардың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Жалпы игерілетін жер көлемі 44,6 гектарды құрайды. Мұнда 29 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл жалпы ауданы 289,9 мың шаршы метр болатын 18 кешен. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 73,1 мың м2 болатын 9 тұрғын үй салынуда. Көпқабатты үйлердің құрылысын аяқтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: