Жаңалықтар тізбегі
0

Шарлапаев БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысын тексерді

Қанат Шарлапаев, БҚО, жұмыс сапары, су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 21:58 Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысын бақылау үшін Батыс Қазақстан облысына келді. Министр Бөрлі ауданы Кеңтүбек, Ақсу, Пугачево және Аралтал ауылдарында салынып жатқан нысандарды аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, министр Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек, Ақсу, Пугачево және Аралтал ауылдарында салынып жатқан нысандарды аралады. Ахуалдық орталығының мәліметінше, техникалық зерттеу қорытындысы бойынша 127 үй жарамсыз деп танылған.

Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге ауданда 60, Кеңтүбек ауылында – 11, Ақсуда – 23, Пугачевода – 12, Аралталда – 14 үй салынуда.


"Ағымдағы мәліметтер бойынша жұмыс 85-90 %-ға орындалды, жоспарлы аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың 1 тамызы. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға Бөрлі ауданында 66 үй сатып алу жоспарлануда", делінген хабарламада.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлер, қалпына келтіру, БҚО, Қанат Шарлапаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 21:58

Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бұған дейін Шарлапаев Ақмола облысында болып, су тасқынынан зардап шеккендерге арналған баспана құрылысының қарқынын тексергенін хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: