Жаңалықтар тізбегі
0

Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге қанша үй салынатынын айтты

Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге қанша үй салынатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2024 11:25 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 11 маусымда Үкімет отырысында ауқымды су тасқынынан кейін өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шеккен. Әзірге 17 295 нысан бойынша зерттеу нәтижелері бар.

"Тексерілген нысандар бойынша 2245 тұрғын үйді салу, 5 235 үйді сатып алу және 9 819 нысанды жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 1828 үйдің құрылысы басталды, бұл жоспарланған жұмыстың 81%-ын құрайды. Бұл ретте жұмыстың төмен қарқыны Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында орын алуда. Аталмыш облыстарда 2122 үй әлі де су астында", - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ, ол Солтүстік Қазақстан облысында құрылыстың жақсы қарқынын атап өтті, соның арқасында 53 отбасына жаңа тұрғын үй кілттері табысталды.

"Сонымен қатар, 1772 үйдің иелері жөндеу жұмыстарына төлемдер алды. Министрлік жанындағы Ахуалдық орталық және еңбек ресурстарын дамыту орталығы-EGOV және әлеуметтік көмектің ақпараттық жүйесі арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесіне мониторинг жүргізеді", – деп толықтырды Қанат Шарлапаев.

Бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов әкімдіктердің су тасқынынан зардап шеккендерге үйлерді қалпына келтіру жөніндегі жұмысын сынға алған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: