Су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үй салу қанша тұрады
Сурет: primeminister.kz
ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 2024 жылғы 2 сәуірде өткен үкімет брифингінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға әр үй салуға орташа есеппен қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шарлапаевтың айтуынша, әкімдіктер ақпарат жинап, судан зардап шеккен үйлерді санап жатыр.
"Жергілікті бюджеттен, содан кейін республикалық бюджеттен қаржы бөлеміз.Қазір бір үйдің құнына 22 млн теңге салып жатырмыз.Бұл бір үйге 80 шаршы метр немесе 2 бөлмелі пәтердің құны, бір шаршы метрге 281 мың теңгеден есептедік. Алдағы уақытта осы шығынды ескере отырып, бюджеттен ақша бөлінетін болады", - деп жауап берді ҚР Индустрия және құрылыс министрі.
Журналистер Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтан су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер қай жерде салынатынын сұрады.
"Үкімет деңгейінде жұмыс тобы құрылды. Қазір әкімдіктер де өз деңгейінде осындай комиссиялар құрды. Олар барлығын бақылап отырады, бірде-бір адам назардан тыс қалмайды", - деді Сыздықов.
Вице-министр айтқандай, үйлерді қай жерде салу керектігін комиссиялар мен жұмыс топтары алқалы түрде шешеді. Ең бастысы қауіпсіз аймақтарда болуы шарт.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су басу аймағында бес облыс қалды, әкімдіктер 20 жергілікті төтенше жағдай жариялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript