Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтаудағы дүкендердің бірінде өндірілген күні көрсетілмеген тартылған тауық еті сатылған

Тауық етін зертханалық сараптамадан өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 19:59 Сурет: Жанна Биятан
"Маңғысау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Ақтау қаласындағы дүкендердің бірінен салмағы 100 гр. "ерекше" тартылған, мұздатылған, өндіруші "Байсад" ЖАҚ, Кисловодск қ., тауық етін сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 15 шілдесінде сатып алынған өнім Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ҚСЭК Ақтау қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына тапсырылды.

Өкіл өнімді әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде тұтынушылардың Ақтау қаласы аумағында таралатын тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасына, сондай-ақ сатушылар (дайындаушылар) туралы ақпарат алуға құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында сатып алды.

Зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей бұзушылықтар анықталды:

1) Бұл өнімнің сатып алу күніне өндіру күні көрсетілмеген. 6 айдың жарамдылық мерзімі ғана көрсетіліп, бұл кезең қашан басталып, қашан аяқталатынын анықтау мүмкін емес.

2) мемлекеттік тілде ақпарат жоқ.

Тауық етін зертханалық сараптамадан өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 19:59

Сурет: Жанна Биятан

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, өнімдердің жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе мерзімі өткен болса, ол қауіпті болып саналады.

ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ адам денсаулығына зардабын тигізбеген гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзғаны үшін – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, субъектілерге 30 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Тауық етін зертханалық сараптамадан өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 19:59

Сурет: Жанна Биятан

Денсаулықты сақтау – сіздің қолыңызда!

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқыққорғаушы Биятан Жанна тұтынушылардың қаптамасына көрсетілген таңбалауды мұқият зерделеуді, сондай-ақ:

  • егер өнімде сапасыздық белгілері болса;
  • өнімнің жарамдылық мерзімін анықтау мүмкін болмаса;
  • тұтынушылық ыдысы/қаптамасы бүлінсе;
  • қаптамадағы ақпарат оқылмаса;
  • егер тез бұзылатын өнімдер температуралық режімді сақтамаса;
  • өнімдерді сақтау температурасы өндіруші затбелгідесінде көрсеткен температурадан ерекшеленсе, – онда мұндай өнімдерді сатып алмауды ұсынады.
"Тұтынушылар тауарлардың заңдылығын тексеріп, сатушыдан фискалдық, кассалық немесе тауарлық чекті де, тауардың сәйкестігі туралы сертификатты/декларацияны да талап етуі керек. Бұл тұтынушылардың заңды құқығы", – дейді құқық қорғаушы.

Фискалдық чекті төлем чегінен қалай ажыратуға болады?

Фискалдық чектің басты белгілерінің бірі – тұтынушы чектің түпнұсқалығын сканерлеп, тексере алатын КБМ (кассалық бақылау машинасы) чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-код. Фискалдық чек қағаз түрінде де, электронды түрде де болуы мүмкін және сатып алушының поштасына немесе ұялы телефонына QR-код түрінде жіберілуі мүмкін – екенін алға тартты Жанна Үрметханқызы.

Сондай-ақ әрбір тұтынушы Еуразиялық экономикалық комиссияның "берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімі" сайтына мына сілтеме бойынша, сондай-ақ сәйкестікті бағалау бойынша құжаттар тізілімдерінің қазақстандық сайтына кіріп, сәйкестік туралы декларацияның бар-жоғын, құжаттардың дұрыстығын тексере алады.

Бұл материал тиісті шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.

Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ҚБ Қазақстанның әр облысында азық-түліктік және азық-түліктік емес өнімдердің 20-дан астам түрін зерттеді. Келесі хабарымызды жіберімізді алмаңыз!

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпарат, сондай-ақ, басқа да ақпарат жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас фактілерге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739, Instagram.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: