Жаңалықтар тізбегі
0

Тағамдық хош иістендіргіштің тұтынушыларға қандай қаупі болуы мүмкін

Тағамдық хош иістендіргіш – тұтынушылар үшін қалай қауіпті болуы мүмкін?, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 20:23 Сурет: pixabay
Бұл жолы зерттеу нысаны Алматы облысы Қонаев қаласы дүкендерінің бірінен сатылып алынған, шыққан жері белгісіз "Тағамдық хош иістендіргіш" болды.

Тағамдық хош иістендіргіш – тұтынушылар үшін қалай қауіпті болуы мүмкін?, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 20:23

Сурет: Жанна Биятан

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасында қауіпсіздіктің барлық талаптарына, соның ішінде Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/20211 техникалық регламенттерге сәйкестікті анықтау кезінде анықталғаны:

  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жоқ.
"Бұл өнімнің бүкіл таңбаламасы шет тілінде, бізге түсініксіз тілде болды", - деді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Техникалық регламентке сай нарық айналымының ережелері белгіленді:

  1. Тағам өнімі "Тағамдықөнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының басқа да әрекет ететін техникалық регламенттеріне (бұрынғы Кеден одағы) сай нарықтағы айналымға шығарылады.
  2. Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына, Кеден одағы аумағында таралатын, басқа да техникалық регламенттерге сай келетін, сәйкестік бағалауынан (растауынан) өткен тағам өнімі Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.
  3. Айналымда жүрген тағам өнімінің, соның ішінде азық-түлік (тағам) шикізатында бұл өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін тауардың ілеспе құжаттамасы болуы керек.
  4. "Тағам өнімі қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің немесе Кеден одағында таралатын басқа да техникалық регламенттерге сай келмейтін тағам өнімдері, оның ішінде жарамдылық мерзімі біткен тағам өнімі шаруашылық қатысушысының (тағам өнімі иесінің) өз бетімен немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) уәкілетті органдарының өкімдерімен айналымнан алынуға жатады.
"Қауіпті әрі сапасыз болуы мүмкін, тиісті құжаттармен расталмаған тауарларды әрі қарай сатып, өз бизнесіңіздің әл-ауқатын қатерге тігудің қажеті жоқ", - деп кеңес береді құқыққорғаушы Жанна Биятан.

Сатуға тауар алғанда импорттаушы/дистрибьюторлардан олардың мөрінің түпнұсқалығымен куәландырылған сәйкестік туралы декларация талап ету қажет.

Ерекше атап өтеріміз, декларация өтініш берушінің түпнұсқа мөрімен куәландырылуы керек. 

Бұл норма Еуразиялық кеңестің экономикалық комиссиясының 2021 жылдың 12 қарашасындағы №30 шешімінде көрсетілген, ондағы келесідегідей жолдар айтылған:

Импортталатын өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін бірыңғай нысанда ресімделген сәйкестік туралы декларацияны пайдаланушы, егер мұндай өнімнің декларанты:

  • бұл өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші ретінде осындай құжаттарда көрсетілген тұлға;
  • техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін мұндай құжаттарды қолдануға сәйкестікті бағалау кезіндегі өтініш беруші немесе дайындаушы уәкілетті тұлға – жаппай өндірілетін өнім үшін.
"Мұндай құжаттарды пайдалану құқығы көрсетілген тұлғаға сәйкестікті бағалау кезінде өтініш берушінің немесе өндірушінің мөрімен куәландырылған көшірмелерін беру арқылы расталады", - дейді заңгер Жанна Үрметханқызы.

Көріп отырғанымыздай, өнімді сатушы әрбір кәсіпкерде өтініш беруші ретінде өнімнің сәйкестігі туралы декларациясы міндетті түрде болуы керек. Бірақ, егер ол декларацияның өтініш берушісі болмаса, онда өтініш берушінің немесе дайындаушының өзінің мөрімен куәландырылған декларацияның көшірмелері болуы қажет.

Декларация беруші бұл жағдайда кез келген кәсіпкер немесе дайындаушының өзі болуы мүмкін.

декларация, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 20:23

Сурет: декларация формасы

Бұдан бөлек, тұтынушылар мен кәсіпкерлер декларацияның бар-жоғын мына сілтеме арқылы өтіп, "Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізбесіне" өз бетімен кіре алады.


"Сондай-ақ сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттар тізбесінің қазақстандық сайты бар, онда тауарлар мен құжаттардың нақты екенін тексеруге болады", - деп кеңес береді Қазақстанның кәсіпкерлеріне заңгер Биятан Жанна Үрметханқызы.

Осы және басқа да жайттар туралы "Маңғыстау облыстық тұтынушыларды қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік жобаны аяқтау қорытындысы бойынша өткізілетін брифингінде айтамыз.

Брифинг өткізу туралы ақпарат Instagram парақшасында жазылады.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: