Жаңалықтар тізбегі
0

Мамандар Шымкентте сатылып жатқан шұжық өнімдерінде сәйкессіздікті анықтады

 Шымкент қаласында шұжық өнімдерінен сәйкессіздіктер анықталды, – дейді тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің мамандары, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 11:04 Сурет: pexels
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаушы сарапшылар Қазақстан нарықтарында қолжетімді, халық тұтынатын тауарларға жүргізілетін зерттеулердің нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында тарату арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жақында жүргізілген сондай бастамалардың бірі 2024 жылдың 23 қыркүйегінде Шымкент қаласының жабық базарынан сатылып алынған бірнеше шұжықтар, оның ішінде "Домашние Шпикачки", ірімшік қосылған шұжықтар, сиыр еті шұжықтары – ресейлік және канадалық "Golden Maple Halal" шұжықтары болды.
Сатып алудың мақсаты – өнімдердің Қазақстанда және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында белгіленген қауіпсіздік стандарттары мен таңбалама ережелеріне сәйкестігіне сараптама жүргізу болды.
"Құпия сатып алу" әдісі көбінесе тауарларды сатудың нақты жағдайларын және сөрелерде Кедендік одақ стандарттарына және ұлттық ережелерге сәйкес келетін тауарлардың болуын бағалау үшін қолданылады.
Бұған дейін жасалған келісімге сәйкес, өнім осы аймақ бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына кешенді сараптама жүргізу үшін жіберілді.
 Шымкент қаласында шұжық өнімдерінен сәйкессіздіктер анықталды, – дейді тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің мамандары, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 11:04

Сурет: Жанна Биятан

Сарапшылар өнімдердің ет және ет өнімдерінің қауіпсіздін, таңбаламасы мен азық-түлік қаптамасының қауіпсіздігін реттейтін техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін тексерді.
Хаттамаларда келтірілген зерттеу нәтижелері алғашқы екеуіне қатыстыны қоспағанда, бірқатар сәйкессіздіктерді көрсетті.
Осылайша, "Орский Деликатес" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сиыр еті шұжықтарын сатып алу кезінде жарамдылық мерзімі 18 күнге өтіп кеткен. Өнімдерді өндіру мерзімі 2024 жылдың 5 тамызы, сақтау мерзімі 30 күн деп көрсетілген. Ал өнім 2024 жылдың 23 қыркүйегінде сатылып алынған.
 Шымкент қаласында шұжық өнімдерінен сәйкессіздіктер анықталды, – дейді тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің мамандары, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 11:04

Сурет: Жанна Биятан

"Құқыққорғаушы-сарапшы Жанна Биятан: "Сақтау мерзімі өтіп кеткен өнімдер тұтынушыларға тікелей қауіп төндіреді. Сатып алу кезінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен "Орский Деликатес" шұжығы улану мен аллергиялық реакциялардың көзіне айналуы мүмкін. Заңға сәйкес, сатушылар тауардың жарамдылық мерзімін қадағалауға міндетті. Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 32-бабында сатушы жарамдылық мерзімі белгіленген тауарларды тұтынушыларға оларды белгіленген мерзіміне дейін пайдалануға болатындай етіп беруге міндетті екені көрсетіледі", – деп түсіндіреді.
Канададан әкелінген тағы бір өнімнің жалған тауарға тән белгілері болған, себебі, шұжық өнімінің атауы, құрамы, сақтау шарттары жайында қазақ және орыс тілдерінде ақпарат жазылмаған. Әрі қарай, өндіруші және тағамдық құндылығы туралы ақпараттар, сондай-ақ EAC белгісі де болмады. Қаптамасында да сәйкессіздіктер анықталды: қаптама жасалған материалдың белгісі мен пиктограммасы жоқ.
 Шымкент қаласында шұжық өнімдерінен сәйкессіздіктер анықталды, – дейді тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің мамандары, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 11:04

Сурет: Жанна Биятан

Егер сәйкессіздіктерге тап болғанда не істеу керек?
Біріншіден, қаптамада толық ақпараттың болмауы сияқты сәйкессіздіктерді елеусіз қалдырмаңыз. Бұл жай ғана ыңғайлылық мәселесі емес, ол тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне деген қамқорлық.
Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, тауарларға қатысты ақпарат толық және сенімді болуы, мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуі тиіс.
Егер сіз таңбаламасынан кемшіліктерді байқасаңыз немесе өнімнің сапасына күмәнданған болсаңыз, өз құқығыңыз бен әрі қарайғы әрекетіңізді білуіңіз маңызды.
Яғни:
1. Таңбалама мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз: Әрқашан қаптамадағы ақпараттарды тексеріңіз. Ол мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы және өнім туралы барлық қажетті мәліметтерді қамтуы керек.
2. Сұраудан тартынбаңыз: жетіспейтін ақпаратты сұрап, сатушыға хабарласыңыз.
3. Түбіртектер мен қаптамаларды сақтаңыз: бұл өнімді қайтару немесе шағым беру қажеттігі туындаған жағдайда кейін көмектесетін болады.
4. Қоғамдық бірлестіктерге хабарласыңыз: Егер сәйкессіздіктер анықталса, кеңес пен көмек алу үшін құқыққорғау ұйымдарына хабарласуға болады.
5. Сарапшылармен сөйлесіңіз: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар белгілі бір жағдайды қалай шешу керектігін жақсырақ түсінуге көмектесетін маңызды кеңестер бере алады.
6. Соңғы шара ретінде шағымдар беріңіз: Өнім қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмесе, сіз санитарлық-эпидемиологиялық қызметке немесе басқа да қадағалау органдарына шағымдануға және сараптама арқылы өнімнің сапасын тексеруді бастауға құқылысыз.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова: "Әрбір тұтынушы өз құқығын түсініп, оны қорғаудан қорықпауы тиіс. Қажетті ақпараты жоқ өнім, әсіресе, адамның жеке тамақтану ерекшеліктері немесе өнімдерді қатаң бақылауды қажет ететін медициналық жағдайлары болса, онда денсаулыққа жасырын қауіп төндіруі мүмкін", – деп, хабардар болудың маңыздылығына тоқталады."
"MOТҚҚҚ" ҚБ азаматтарды олардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Сапалы әрі қауіпсіз өнім үшін күресте сіз өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліңіз.
Материалды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "МОТҚҚҚ" ҚБ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы, сондай-ақ жарнама болып табылмайтын, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеетін ақпараттарды таратуға құқылы. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: