Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада корпоративтік басқару бойынша Ұлттық форум жұмысын бастады

Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 15:38 Сурет: Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форум
2024 жылдың 7 қарашасында- елордада Корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық форум жұмысын бастады.

2024 жылдың 7 қарашасында- елордада "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасы жанындағы корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық кеңестің және "Qazaq Independent Directors" Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының қолдауымен, Корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық форум жұмысын бастады.

Форумның бас серіктесі – Kaspi.kz компаниясы, стратегиялық серіктестер – KPMG және Solidcore Resources компаниялары.

Форум серіктестері: OEСD, IFC, KASE, МФЦА, Ecoton+, AlmaU, MIND MNU және басқа компаниялар.

Биылғы форумның негізгі тақырыбы: "Корпоративтік басқару-Қазақстан Республикасының экономикасын ырықтандырудяң (либерализация) императиві".

Форумның пленарлық отырыстары мынандай мәселелерді қарастырады: "Қазақстан Республикасының корпоративтік басқаруы үшін өзекті сын-қатерлері" және "Корпоративтік басқару- ұзақ мерзімді табыстың формуласы ретінде".

Сондай-ақ, қатысушыларды аудиторлық компаниялардың, қаржы институттары мен даму қорларының жетекші мамандарынан төрт сессия және халықаралық сарапшылардың интерактивті мастер-класстары күтеді, онда қаралатын тақырыптар:

  • "Директорлар кеңесінің мүшесі кімнің мүдделерін ұсынады?";
  • "Қаржы нарығы, ESG және әртүрлілік (diversity)";
  • "Орта және отбасылық бизнеске арналған корпоративтік басқару";
  • "Білім беру саласындағы корпоративтік басқару: тәжірибе және перспективалар";
  • "Стартапта директорлар кеңесінде жұмыс істеу және жаңа мүмкіндіктер табу стратегиялары";
  • "Компанияның беделі мен бренді. Компания құнын қалай арттыруға болады?";
  • "AI-дың директорлар кеңесі мен киберқауіптің тәжірибесіне әсері".

Іс-шараны ұйымдастырушылар, өздерінің сараптамасы мен тәжірибесі корпоративтік басқарудағы ескі жүйенің "Рубиконын еңсеруге" және Қазақстандық бизнес үшін шаруашылықты жүргізу жағдайларын жақсартатын мүлдем жаңа парадигма құруға мүмкіндік беруі үшін форум спикерлерін мұқият таңдады.

Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 15:38

Сурет: Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форум

Алғаш рет, форум аясында "Директорларға арналған нұсқаулық" кітабы және "Қазақстан Республикасындағы директорлар кеңесінің практикасына шолу – 2024" ғылыми зерттеуі таныстырылады.

Бір алаңда корпоративтік басқару саласындағы халықаралық және Қазақстандық сарапшылар, бизнес-көшбасшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің өкілдері жиналатын осындай көлемдегі форум тікелей диалог құруға және мемлекет мүдделері мен корпоративтік басқарудың озық практикасы мен оларды енгізу жолдары арасындағы тепе-теңдікті табуға мүмкіндік береді.

Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 15:38

Сурет: Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форум

"Біз корпоративтік басқару жөніндегі форумды жыл сайынғы негізде өтеді және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізуге бағытталған барлық компаниялар үшін сараптамалық алаң болады деп үміттенеміз", – деп қорытындылады форумды ұйымдастырушылардың бірі- "Qazaq Independent Directors" қауымдастығының Байқау кеңесінің төрағасы Еран Әукенов.

Форум корпоративтік басқарудың негізгі мәселелерін талқылау және оның озық тәжірибелерін енгізу тәжірибесімен алмасу үшін, барлық мүдделі тараптар үшін бірегей мүмкіндік жасауға бағытталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: