Азаптаулар, цифрлық қауіптер және әділеттілікке қол жеткізу құқығы: Омбудсмен 2024 жылдың сын-қатерлерін атады

Азаптаулар, цифрлық қауіптер және әділеттілікке қол жеткізу құқығы: Омбудсмен 2024 жылдың сын-қатерлерін атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 11:25 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың 2024 жылғы қызметіне арналған жыл сайынғы баяндамасы жарияланды.

Құжатта адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелер, келіп түскен өтініштер мен қабылданған шаралар қамтылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар берілген.

Баяндама деректеріне сәйкес, 2024 жылы Уәкілдің атына 6 748 өтініш келіп түскен. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға жоғары. Сотқа дейінгі тергеу органдарының шешімдеріне шағымдар, сотталғандардың құқықтарының бұзылуы және сот актілерімен келіспеушілік – ең жиі кездесетін шағымдар болып қала беруде.

Құжатта тек проблемалар көрсетіліп қана қоймай, нақты нәтижелер де атап өтілген. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке – 97, әкімшілік жауапкершілікке 5 лауазымды тұлға тартылды. 4 жағдайда қылмыстық іс қозғалған.

Денсаулық сақтау құқығының бұзылуына қатысты шағымдар саны 2,5 есе артқан. Азаматтар медициналық қызмет сапасының төмендігіне, медицина қызметкерлерінің салғырттығына, емдеу мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға шағымданған.

Сонымен қатар, азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жат және қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерге қатысты шағымдардың саны 30%-ға азайғаны көрсетілген. Бұл мәліметтер прокуратура органдарының ресми статистикасымен де сәйкес келеді. Мұндай құқық бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар АҚШ, Еуропа Кеңесі, Еуропалық одақ және БҰҰ сынды халықаралық ұйымдардың оң бағасына ие болды.

Қолжетімді тұрғын үй және еңбек құқықтарын сақтау мәселелері бойынша шағымдар деңгейі өзгеріссіз қалған.

Баяндаманың жеке тарауы қоғамның осал топтарының құқықтарын қорғауға арналған. Балалардың құқықтарының бұзылуына қатысты өтініштер саны 2,5 есе, ал әйелдерге қатысты – екі есеге жуық артқан. Мүгедектігі бар адамдарға қатысты жабық мекемелердегі ұстау жағдайлары мен медициналық көмектің сапасына байланысты ондаған шағым тіркелді.

Білім беру саласына қатысты өтініштер де 2,5 еседен астам артқан. Жүгінушілер буллинг фактілері, қорғаншылық органдарымен туындаған дау, сондай-ақ көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды мамандандырылған білім беру мекемелеріне қабылдау квоталарын қайта қарау туралы мәселелерді көтерген.

"Осал топтарға қатысты құқық бұзушылықтар ерекше сезімталдықты қажет етеді. Мұндай жағдайларда әділеттілікті қалпына келтіріп қана қоймай, құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу маңызды", – деді Артур Ластаев.

Баяндамада Омбудсменнің араласуы арқылы азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілген нақты мысалдар бар. Мәселен, көру қабілетінен айырылған азаматқа заңсыз салынған айыппұлдар жойылып, полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен көпбалалы ананың психикалық денсаулық орталығына заңсыз орналастырылуы дерегі бойынша тергеу қайта басталған. Көру қабілеті бойынша II топ мүгедектігі бар студенттің құқықтары қалпына келтіріліп, жоғарылатылған мемлекеттік стипендия төлемі қайта тағайындалды.

Құжатта тек реактивті шаралар ғана емес, сондай-ақ профилактикалық жұмыстар да кеңінен қамтылған. 2024 жылы Уәкіл мен оның өкілдері жабық мекемелерге 800-ге жуық мониторингтік сапар ұйымдастырған. Бұл шаралар қылмыстық қудалауға тартылған адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңіл түрімен ауыстыру институттарының қолданылуын бағалауға бағытталған.

Сонымен қатар, баяндамада ғылыми-талдамалық жұмыстың нәтижелері мен заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар да қамтылған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі – заңнаманы жетілдіру. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға кедергі келтіретін құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған 20-дан астам ұсыныс әзірленген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: