Жанар Досаева Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Жанар Досаева, комитет төрағасы, Этносаралық қатынастарды дамыту  , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 18:01 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Жанар Досаева Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жанар Досаева 1974 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, "Тұран-Астана" университетін бітірген.

  • Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің Талдау, мониторинг және жастар саясаты бөлімінің бас маманы болып бастаған.
  • 2003–2007 жылдары — Мемлекеттік білім беру және тестілеу стандарттары ұлттық орталығының әкімшілік-талдау бөлімінің бастығы.
  • 2008–2017 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымды қызмет атқарды.
  • 2019–2025 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымда жұмыс істеді.

2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Досжан Мұсалиев цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: