Ғалым Шойкин Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болды
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 1977 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы болып жұмыс істеген, ҚР Мәдениет министрлігінің ақпараттық-талдау бөлімін, жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімін басқарған.
2003-2009 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, әлеуметтік-саяси бөлімнің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. "Нұр Отан" ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарды.
Кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасына басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті директоры, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары болды.
2021 жылғы 26 наурызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.