Тарихи оқиға: Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді
Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
14–15 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы тарихи оқиғаның орталығына айналады — мұнда алғаш рет Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасында "қазақ күресі" бойынша әлем чемпионаты өтеді. Бұл кеңес – әлемдегі ең ірі көпсалалы спорт ұйымдарының бірі.
Чемпионатты ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті–Армия орталық спорт клубы және ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырады.
"Шамамен 40-қа жуық елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Бұл ұлттық спорт түрінің халықаралық аренада кеңінен танылып келе жатқанын көрсетеді. Чемпионат қазақ күресінің әлемдік спорт картасында дамуы мен ілгерілеуіндегі маңызды қадам болмақ", - делінген хабарламада.

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өтетін орны: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені
Тұран даңғылы, 59.
Серіктестік материал
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript