Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі мен әлем чемпионаты өтеді

Шорт-трек: Астанада жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі мен әлем чемпионаты өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 18:31 Сурет: olympic.kz
Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі мен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) бекіткен ресми күнтізбеге сәйкес, 2027 жылы Астана шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі мен әлем чемпионатын қабылдайды.

Әлем кубогының үшінші кезеңі 22–24 қаңтар аралығына жоспарланған. Ал әлем чемпионаты 28–31 қаңтар күндері өтеді.

Айта кетейік, 2025 жылы Астана жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екі кезеңін де жоғары деңгейде ұйымдастырған болатын.

Бұған дейін ISU елордада мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдаған еді. Аталған бәсеке 2027 жылы 9-14 ақпан аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: