Алматы облысының әкімі стендтік атудан Әлем кубогы кезеңінде "алтын" еншілеген Әсем Орынбайды құттықтады
Сурет: Instagram/marat_sultangaziyev
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев стендтік атудан Әлем кубогы кезеңінде әлемдік рекордты қайталап, айырықша жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, аталған спорт түрінен ел намысын қорғап жүрген Әсем Орынбай - Алматы облысының мақтанышы.
"Стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогінде мерген қарындасымыз Әсем Орынбай 36 мүмкіндіктің 33-інде нысанаға дөп тиіп, алтын жүлде иегері атанды. Бүгін жеңіс тұғырына көтерілген спортшымыздың мойнына алтын медаль тағу мәртебесі маған бұйырыпты. Сондай-ақ көк туымызды желбіреткен қарындасымызға спорттағы биік белестері мен өңіріміздің дамуына қосқан үлесі үшін "Аймаққа еңбегі үшін" төсбелгісін табыстадым. Бұл бәсеке — халықаралық атыс федерациясының (ISSF) кестесі бойынша рейтингті көтеруге және 2028 жылы АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды дода. Құралайды көзге атқан мерген қарындасымызды зор жетістігімен тағы да құттықтаймын. Көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтататын жеңімпаздарымыз көп болсын!", деп жазды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, сондай-ақ Ұлттық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов Әсем Орынбайды стендтік атудан Әлем кубогының кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript