Әсем Орынбай стенд атудан әлем рекордын қайталап, алтын медаль жеңіп алды

Әсем Орынбай, Алматы, стенд ату, рекорд, алтын медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 17:08 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алды. Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әсем әйелдер арасындағы "скит" жаттығуында топ жарды.

Финалда қазақстандық спортшы 33 ұпай жинады. Осы нәтижемен Әсем Орынбай биыл командаласы Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады.

Қытайлық Итин Цзян 30 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңі 4 мамырда басталды. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр және 11 мамырға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: