Ақтөбеде 1500 домбырашы бір мезгілде бірге күй тартты

Іс-шара, Ақтөбе, домбырашы, Ұлттық домбыра күні, күй тарту, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2026 17:45 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлттық домбыра күніне орай бүгін "Қазақ халқына мың алғыс" стелласы алаңында "Бабамнан қалған аманат – асыл домбыра" атты мәдени-көпшілік шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнердің алтын арқауы саналатын домбыраны ұлықтау, қазақтың дәстүрлі күй өнері мен халық әндерін кеңінен насихаттау арттыру.

Мерекелік концерттің шымылдығы ақын Қадыр Мырза Әлінің "Нағыз қазақ – Домбыра" өлеңімен ашылып, біріккен оркестрдің орындауындағы Түркештің "Көңілашар" күйімен жалғасты.

Ұлттық домбыра күні, Ақтөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2026 17:45

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Концерт барысында қазақтың ұлттық күй өнері мен дәстүрлі музыкасының үздік туындылары орындалды.

Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева өнер көрсетті. 1500 домбырашы ұлттық күй өнерінің жауһарлары – Құрманғазы Сағырбайұлының "Балбырауын" және "Адай", Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйлерін бір мезгілде бірге орындады.

Айгүл Үлкенбаева, Ақтөбе, Ұлттық домбыра күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2026 17:45

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Ақтөбеде "Домбыра және дәуір" көрмесі ашылып, белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды.

Экспозицияда белгілі күйшілер Балтұрсын Сарыбаева, Айса Шәріпов, Бақыт Басығараев, Момын Байғанин, Қазақстан Республикасының халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, ақын Бәкір Тәжібаев, генерал-лейтенант Жансен Кереев, мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек және басқа да танымал тұлғаларға тиесілі домбыралар қойылған.

Домбыра, Ақтөбе, көрме, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2026 17:45

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрменің жеке бөлімі белгілі қазақстандық шеберлер Сүндет Нұрымов, Қарамұқан Басшин, Құтым Қасенов, Еркөсай Әбілов, Жетес Жамеков және жас шебер Мұратхан Танатарұлы жасаған ұлттық музыкалық аспаптарға арналды.

Домбыра, Ақтөбе, көрме, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2026 17:45

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: