"Мөлдір бұлақ": БҚО-да республикалық тазалық акциясы өтті

Мөлдір бұлақ, БҚО, республикалық тазалық акциясы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2026 13:57 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Тасқала ауданында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында "Мөлдір бұлақ" республикалық акциясының екінші кезеңі өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған вице-министр Жандос Сәлімов, облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, "Қазсушар" кәсіпорны мен Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының мамандары, аудандық бөлім-мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, "Жасыл ел" еңбек жасағы мен ерікті жастар қатысты.

Мөлдір бұлақ, БҚО, республикалық тазалық акциясы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2026 13:57

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Экологиялық акцияны ашқан Нұрділдә Ораз аймақ басшысының сәлемін жеткізіп, Президент тапсырмасына сәйкес "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында атқарылған нақты істерге тоқталды.

"Биыл облыстық санитарлық-экологиялық айлық аясында ұйымдастырылған "Таза өлке", "Мөлдір бұлақ", "Жасыл болашақ" сияқты акцияларға 85 мыңнан астам адам қатысып, 17 мың гектар аумақ тазартылды, сондай-ақ 36 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бүгінгі басқосу – кезекті экологиялық шара ғана емес, бұл — келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезінудің және атамекенге деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын көрінісі", — деді ол.
Мөлдір бұлақ, БҚО, республикалық тазалық акциясы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2026 13:57

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Аймақта су саласын дамыту және гидроқұрылымдарды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл Тасқала ауылында Деркөл өзенінің арнасы кеңейтіліп, түбі тереңдетілуде. Аудан үшін стратегиялық маңызы бар Жайықбай арнасын қайта жаңғырту жұмыстары да қолға алынды.

ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов берекелі бастамаға біркісідей атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді. Еңбек ардагері Бақтығұл Тасмағамбетов Тасқаланың бай табиғатын сақтау мен оны ұрпаққа аманат етудің мән-маңызын айтса, ақсақал Жұмагелді Үмбетәлиев игі іске ақ батасын берді.

Мөлдір бұлақ, БҚО, республикалық тазалық акциясы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2026 13:57

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Акция аясында 130-дан астам адам Тасқала ауылы маңындағы шағын бұлақты көң-қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін әктеді. Қураған тал-теректерді кесіп, аумақты арамшөптерден арылтты.

Айта кетейік, жалпы ұзындығы 176 шақырымды құрайтын Деркөл өзені осындай жерасты бұлақтардан да нәр алады. Ешкітаудан бастау алып, Шағанға барып құяды.

Мөлдір бұлақ, БҚО, республикалық тазалық акциясы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2026 13:57

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: