"Қазақстанның білім сапасы төмен" деген рейтинке БҒМ жауап берді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2021 21:35 Pixabay
Онда Қазақстан Ресей мен Қырғызстаннан кейінгі 62-орынға жайғасқан.

Бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылы 10 мамырда американдық "CeoWorldMagazine" журналы әзірлеген "білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингі" туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл "рейтингте" Қазақстан Қытай, Малайзия және Әзірбайжан сияқты елдерден озып, Ресей мен Қырғызстаннан кейінгі 62-орынға жайғасқан.

Басылымның сайтында көрсетілгендей, "рейтинг" ресми мәліметтер мен елдердегі білім сапасын зерттеу негізінде емес, студенттер, өнеркәсіпшілер, бизнес өкілдері және т.б. арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалады. Сондай-ақ, басылым білім алу үшін елдерді таңдағанда тек осы "рейтингті" ескермеу керектігін хабарлайды.
zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: