Оқулыққа қойылатын талап күшіне енді

Оқулыққа қойылатын талап, оқулық, талап, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 16:48 Сурет: Zakon.kz
Бүгіннен бастап мектеп оқулықтарына қойылатын жаңа талаптар күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz

Жаңа гигиеналық талаптар осы жылдың желтоқсан айының басында қабылданған еді.

Оқулықтың салмағына қойылатын талап:

1-4 сыныптарға арналған оқулық 300 грамм;

5-6 сыныпқа арналған оқулық 400 грамм;

7-9 сыныпқа арналған оқулық 500 грамм;

10-11 (12) сыныпқа арналған оқулық 600 граммнан аспауы тиіс

Cалмақтан бөлек, шрифт, жолдың ұзындығы сияқты элементтерге қойылатын талаптар бекітілді.

Сондай--ақ мәтіндік ақпаратты безендіруге және электрондық оқулықтарға қойлатын талаптар да айқындалды.

"Оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-124 бұйрығын толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: