Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы 50 үздік ғалым анықталды

"Үздык ғылыми қызметкер-2021", үздік ғалым, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2021 10:05 Сурет; pixabay
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер — 2021» сыйлығының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды.

Олардың әрқайсысы 2000 АЕК, яғни 5 млн 834 мың теңге көлемінде куәлік пен сыйақы алады.

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 7 бағыт бойынша 575 өтінім түскен. Конкурсқа қатысушылардың арасында жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг және технологиялар, медицина және денсаулық сақтау, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары, әскери ғылымдар және Ұлттық қауіпсіздік ғалымдары болды.

Нәтижесінде Комиссия 6 ғылыми зерттеу институты мен 16 жоғары оқу орнынан  50 ғалымға "Үздік ғылыми қызметкер-2021" сыйлығын беру туралы шешім қабылдады.

Олардың арасында  Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Рахметқажы Берсімбай, Ядролық физика институты филиалының жетекшісі Максим Здоровец, Қарағанды техникалық университетінің профессоры Аристотель Исагулов, Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының  басқарма төрайымы Диляра Қайдарова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры PhD докторы Қайрат Дәулетов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Қайсар Табынов және басқалар қатысты.

 Білім және ғылым министрлігі атап өткендей, «Үздік ғылыми қызметкер» ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жан-жақты қолдау мақсатында тағайындалған.

Ел Президенті Қ.К. Тоқаев ғалымдарды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Осы жылы министрлік алғаш рет еліміздің үздік ғалымдары үшін сыйақы тағайындады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер осы конкурс үшін арнайы құрылған және автоматты түрде сегіз өлшемшарт бойынша балдары бар ақпараттық жүйе арқылы қабылданды. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева

Оның айтуынша, бұл байқаудың ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз еткен. Ғылыми жетістіктерді бағалау критерийлері ғылыми және сараптамалық қауымдастықпен бірге жасалған.

Байқаудың барлық қатысушысы өтінім беру кезеңінде өздерінің алған балын көре алды. Оларды комиссия қарады және сараптамалық топтар ұсынылған құжаттардың бекітілген критерийлерге сәйкестігін секцияларда тексерді. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева

Комиссия мен сарапшылар тобының құрамында жетекші ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, жас ғалымдар кеңесі мен жас ғалымдар альянсының мүшелері жұмыс істеді.

 

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: