Жаңалықтар тізбегі
0

24 қаңтардан бастап барлық мектеп офлайн оқиды – ҚР БҒМ

Мектеп, оқу, офлайн оқу, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 10:49 Сурет: Zakon.kz
Мұндай шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Білім беру ұйымдарының жұмыс алгоритмі мынадай болады:

  • Мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды.

  • 600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептер толыққанды офлайн оқиды.

  • 600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту кезінде оқушылар саны 50%-дан аспауы тиіс. Бұл жағдайда БҒМ 1-4-сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқытуды ұсынады. Себебі бастауыш сынып балаларына қашықтан білім алу қиынға соғады.

5-11-сынып оқушыларына келер болсақ, мектеп әкімшіліктеріне балаларды штатты форматта оқыту, кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтінішін ескеру ұсынылады.

Мектептерден тыс ұйымдардағы оқу:

Жеке сабақтар толыққанды офлайн форматта өтсе, 15 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде ұйымдастырылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарда) жеке сабақтар мен 8 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде жүргізіледі.

Еліміздің колледждері мен ЖОО-ларында оқу аралас форматта өтеді. Практикалық, лабораториялық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе штаттық режимде, дәрістер онлайн форматта өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: