Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыруға жататын адамдар тізімі толықтырылды

Pfizer, вакцина, коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2022 20:37 Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Мұндай шешімді Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ВАК шешімімен Pfizer вакцинасын салдыруға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:

  • бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;

  • түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе салдырушылар;

  • шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе салдырушы тұлғалар;

  • COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.

    Бұған дейін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау туралы шешімдер қабылдағанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: