Ресейдің жетекші техникалық университеттері "Болашақтың" тізіміне енгізілді

Ресейдің жетекші техникалық университеттері "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқытатын ЖОО-лар тізіміне тізіміне енді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz
Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген.
"Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді", – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта «МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript