Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл мыңнан астам ауыл мектептері жаңартылады

Құрылыс, мектеп, ғимарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 15:14 Сурет: Zakon.kz
Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында биыл 560 мектеп күрделі және кешенді жөндеуден өтетінін, сонымен бірге 600-ге жуық мектептің жиһаздары жаңартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Биыл мыңнан астам ауыл мектептері жаңартылады. 560 мектеп күрделі және кешенді жөндеуден өтеді. 2 мың пәндік кабинет сатып алынады. 600-ге жуық мектептің жиһаздары жаңартылады. 862 кітапхананы жаңартылып, кемінде 2 миллион көркем және танымдық балалар әдебиеті сатып алынады деп жоспарлап отырмыз. 574 асхананы жаңартып, 554 мектептің қауіпсіздік жағдайы жақсартылады.Асхат Аймағамбетов

Министрдің мәліметінше, апатты және үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы бар оқу орындары мәселесін шешу мақсатында 200 жаңа мектеп ашылады.

Ол үшін Асхат Аймағамбетов министрлік мына мәселелерді шешуі қажет екенін айтты:

Біріншіден, мың мектеп салу үшін жер учаскесін алдын ала бөлу керек. Осыған байланысты әкімдіктер қажет жер учаскелерін биыл бөліп, арнайы интерактив картаға енгізуі қажет.

Екіншіден, тұрғын үй құрылысын жоспарлаған кезде көбіне білім беру объектілерінің құрылысы ескерілмей қалады. Осыдан мектеп жетіспеу проблемасы туады. Осыған орай әкімдіктерден тұрғын үй құрылысын бастар алдында біріншіден мектептерге назар аударуын сұраймыз.

Үшіншіден, бүгінде 2,5 мың оқушыға арналған мектептің жаңа типтік жобасы әзірленді. Тағы да мыңнан аса оқушыға арналған мектептердің үлгісін әзірлеу қажет. Тиісті министрліктен осы жұмысты ұйымдастыруын сұраймын.

Салынатын мектептерде мамандандырылған кабинеттер, заманауи жабдықталған әмбебап шеберханалар, кемінде екі спорт залы, кітапхана, медиатека, оқу залдары болуы тиіс. Сол үшін қазіргі мектептерді жабдықтауда талапты күшейтеміз.Білім және ғылым министрі

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: