Жаңалықтар тізбегі
0

7-сынып оқушысы өзінің мектебіне сайт жасап берді

Оқушы, сайт, мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2022 15:53 Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы Ақсу ауданында тұратын Тимур Брижанов өзі оқитын мектептің сайтын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz

Осылайша жас өнерпаз облыстық "Менің Отаныма – менің бастамам" атты байқаудың "Медиа жоба" номинациясы бойынша 2-орынды жеңіп алды. Тимурдың айтуынша, сайт жасау идеясын ол мұғалімдерге өзі ұсыныпты. Содан кейін оны жасап шығуға 2 жылдай уақытын жұмсапты. Пайдаланушылар сайттан мектептің тарихы, педагогтар ұжымы туралы және мектеп жаңалықтарын оқи алады.

YouTube-тің арқасында интернет сайтты жасау негіздерін үйреніп алдым. Информатика пәнінің мұғалімі Гүлжан Құлынбаева ұсынған арнайы әдебиеттерді оқыдым. Сайтты жасауға Github тегін хостингін пайдаландым. Енді сайтты мазмұны мен форматы жағынан одан әрі жетілдіруді жоспарлап отырмын.Тимур Брижанов

Сонымен бірге Тимур онлайн кітапхана құруды, сайтқа QR код арқылы кіруге мүмкіндік жасағысы келеді.

Әрине, бұл – әлі бастамасы. Үйренерім көп.Жас веб-әзірлеуші

Тимур мектепті бітірген соң программист болуды армандайды. Ол үшін қазірдің өзінде көп оқып, қабілетін шыңдауға көмектесетін түрлі байқау мен жарысқа қатысып жүр. Жақында ол медициналық авиацияға арналған тікұшақтың макетін әзірледі. Осы жобаның арқасында "Ұлы өнерпаздыққа алғашқы қадам" облыстық инновациялық идеялар байқауының "Авиация саласындағы жобалар" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Информатика пәні мұғалімі Гүлжан Құлынбаева 2022 жыл "Балалар жылы" болып жарияланғанына қуанышты екенін жеткізді.

Осы жылды біреулер үшін шағын, бірақ өзіміз үшін өте маңызды жаңалықпен қарсы алып отырмыз. Бұл — мектебіміз бен ондағы оқушылар үшін үлкен жаңалық.Гүлжан Құлынбаева

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, мектеп оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуға робототехника бойынша үйірмелер, ІТ-сыныптардағы сабақтар және кейінгі технологиямен жабдықталған STEM кабинеттері ықпал етіп жатқанын айта кету керек.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде Алматы облысында 119 ІТ-сынып пен 21 STEM кабинеті жұмыс істейді. Оларда барлығы 5 мыңнан астам бала білім алып жатыр. Тағы 2500 бала 227 робототехника үйірмесіне тартылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: