Жаңалықтар тізбегі
0

Асхат Аймағамбетов Бибігүл Асыловаға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты

кітаптар, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 21:31 Сурет: Zakon.kz
Білім және ғылым министрі бүгін қызметінен кеткен вице-министр Бибігүл Асыловаға алғысын айтып, сәттілік тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін министрлік ұжымымен жиналып, вице-министр Бибігүл Асылованы шығарып салдық. Былтыр ротация жүргізу қажеттігіне қарамастан менің өтінішім бойынша оған осы лауазымда жұмыс істеу үшін еңбек шартының мерзімі бір жылға ұзартылды. Бибігүл Амангелдіқызы тәжірибелі қаржыгер ретінде білім беруді қаржыландыру жүйесін реформалауға, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін дамытуға зор үлес қосты. Сонымен қатар ол балалардың құқығын қорғау мәселесіне де үлкен көңіл бөлді, – деп жазды Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-дағы каналына.

Бас педагог Бибігүл Асылованы «Қазақстан Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттағанын хабарлады.

Бибігүл Амангелдіқызы біздің Қаржы орталығымыздың директорлар кеңесінің төрағасы болып қалу туралы ұсынысымды қабыл алғанын, сонымен қатар қаржы мәселесі бойынша штаттан тыс кеңесші болатынын да атап өткім келеді. Бүгін министрлік ұжымы Бибігүл Амангелдіқызына жылы сөздерін айтып, ізгі тілектерін жеткізді. Бибігүл Амангелдіқызына бірлескен және жемісті жұмысы үшін тағы да алғыс айтқым келеді. Сәттілік тілеймін!Асхат Аймағамбетов

Айта кетейік, Бибігүл Асылова 2016 жылдан бастап министрдің орынбасары лауазымында жұмыс істеді және жақында қызметінен босату туралы өтініш жазған еді

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: