Жаңалықтар тізбегі
0

Енді білім беру орындарына Ashyq-cыз кіруге болады

Ashyq, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 10:43 Сурет: Zakon.kz
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 14 наурыздағы №13 «Білім беру ұйымдарындағы шектеу шараларын алып тастау туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, «жасыл» және «сары» аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес келетін өңірлерде, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында мынадай талаптардың күші жойылды:

1) әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау;

2) күнделікті «кіретін» сүзгіге (контактсыз термометрия).

Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және температураны өлшеу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімімен ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен қатар облыс эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймаққа енген кезде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары Ashyq қосымшасын міндетті түрде пайдалануды, әлеуметтік қашықтықты сақтауды және күнделікті «кіріс» сүзгісін қамтамасыз ететіні айтылды.

Еске салайық, 11 наурызда Қазақстанда міндетті түрде маска тағу және Ashyq қосымшасын қолданудан бас тартылғаны белгілі болды. Мұндай шешім коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі өңіраралық комиссияның отырысында қабылданды.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 наурызда коронавирус инфекциясының 54 жаңа жағдайы тіркелген. Оның ішінде республиканың төрт облысында бірде-бір оқиға анықталған жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: