Ақмола облысында бірқатар шектеу шараларының күші жойылды
Сурет: Zakon.kz
Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина білім беру ұйымдарындағы шектеу шараларын алуға үкім берген жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау жөніндегі талаптар алынып тасталды. Сондай-ақ, енді күнделікті фильтрден өтудің қажеті жоқ, ал Ashyq қосымшасын білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде пайдалануға болады.
Сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, өңір "қызыл" аймаққа ауысқан жағдайда білім беру ұйымдарында барлық шектеулер қайта күшіне енетіндігі қадап айтылады.
Қаулы қол қойылған сәттен бастап өз күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript