1-сыныпқа қабылдауға үш күнде 13 мыңнан астам электронды өтініш түскен

оқушылар, мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 15:35 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 1-сыныпқа өтініш беретін алғашқы күні, яғни жұмада 10 мың, бүгін, яғни 4 сәуірде жұмыс күні басталғалы бері тағы 3 мың өтініш түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған. Бұл жұмыс egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асады.

Біз азаматтарға көрсетілетін барлық қызметті автоматтандыруға баса назар аударамыз. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиада электронды форматқа көшірілді. Мұның көптеген артықшылығы бар, ең бастысы - барлық процестің ашықтығы. Біз ашықтықты және азаматтарға қолайлы жағдай жасауды қолдаймыз. Құжаттарды қабылдаудың бірінші күнінің өзінде egov.kz порталы арқылы 10 мыңнан астам электронды өтініш келіп түсті. Мұндай сандар ҚР БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында танымал екендігін көрсетеді, – дейді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 1-сыныпқа балаларды қабылдау ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

Сонымен қатар өтініш берерде мынадай құжаттар қажет:

баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;

065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат және оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті (оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларында ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес балаларды мектепке қабылдау тәртібі айқындалған).

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды 1 сәуірде бастап, 2022 жылғы 1 тамызға дейін тапсыруға болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: