Жаңалықтар тізбегі
0

«Болашақпен» оқуға болатын ЖОО тізімі кеңейді

оқулықтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 18:44 Сурет: Zakon.kz
Білім және ғылым министрі оқуға жаны құмар азаматтарға жағымды жаңалықты хабарлады. Бұрын «Болашақ» бағдарламасымен оқуға 213 ЖОО ұсынылса, енді олардың саны 236-ға жетіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде 23 жетекші шетелдік техникалық университет қосылды. Тізімде Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Пхохан ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және тағы басқалары да бар.

Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасын қайта бағдарлауды жүргізіп жатыр. Кадрлар даярлауда техникалық мамандықтарға басымдық беріліп отыр.

Сонымен қатар биыл гранттардың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінеді. Шетелдік университеттердің саны көбейіп қана қоймай, географиясы да кеңейді. Былтырдың өзінде таңдауға болатын мемлекеттер қатары төрт елмен толыққан еді: Аустрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка бар.

Тізімде топ-250 халықаралық академиялық QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings рейтингтеріне енетін ЖОО және БРИКС елдерінің топ-20 ұлттық рейтингтеріне кіретін университеттер бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: